Іс-шаралар

Sony Pictures студиясының «Веном: Соңғы би» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
23 қазан 2024 ж.

Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толықты. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды. 24 қазаннан бастап «Веном. Соңғы би» (Venom: The Last Dance) фантастикалық экшн туындысы кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Әлемдік үздік фильмді «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып, дубляждады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Конгресс кітапханасына кітаптар тапсырды
22 қазан 2024 ж.

25 қазан Республика күніне орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі әлемдегі ең үлкен кітапхана саналатын – АҚШ Конгресі кітапханасының қорына қазақ тілі, руханияты мен мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітап тапсырды.

Вашингтонда Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды
22 қазан 2024 ж.

22 қазанда Вашинтондағы Джорджтаун университетінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды. Джорджтаун университетінің Еуразия аймағын зерттеуге мамандаған CERES орталығының бастамасымен сөздікті таныстыру ғылыми семинар үлгісінде өтіп, Қазақстандағы тіл, мәдениет және ұлттық бірегелік тақырыбына арналды.

«Қазақ тілі» қоғамы Вашингтонда «Өз заманының генийлері. Ибн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» кітабын таныстырды
21 қазан 2024 ж.

21 қазанда АҚШ астанасы Вашингтондағы Америка сыртқы саясаты кеңесінің ғимаратында америкалық шығыстанушы Фредерик Старрдың «Өз заманының генийлері. Инбн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» атты еңбегінің қазақ тілді нұсқасы таныстырылды. Аталмыш кітап Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастасымен аударылып басылды. Таныстырылым Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен өтті.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі Абай жинағы басып, таратылды
05 қыркүйек 2024 ж.

Бүгін «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан халқының тілдері күнінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі Абай жинағын таныстырды. Бас прокуратура атаулы мерекеге орайластырып, тіл жанашырлары мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Абайдың шығармашылық мұрасы бұған дейін 10 тілге аударылып, басылған. Бұл жолы үш тілде басып, сыйлық-қорапта таратылды. Жинаққа ақынның өлеңдері мен аудармалары, поэмалары мен Қара сөздері кірді. Жинақты басып, таратуға Atasu Group компаниясы демеушілік жасады.

Қазақ орта мектебіне Әбдуәли Қайдаровтың есімі берілді
01 қыркүйек 2024 ж.

Бүгін Алматы облысы Шелек ауылында 900 орындық қазақ орта мектебі ашылды. Мектепке белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ тілі» қоғамының тұңғыш президенті Әбдуәли Қайдаров Туғанбайұлының есімі берілді. Биыл Әбдуәли Қайдаровтың туғанына – 100 жыл, «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 35 жыл толады. Осы мерейлі даталарға орай, бірқатар шаралар, атап айтқанда, бірнеше ғылыми конференциялар мен жиындар өткізу жоспарланған.

«Қазақ тілі» қоғамы мен «Documentolog Global Limited» компаниясы меморандумға қол қойды
06 тамыз 2024 ж.

Бүгін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Documentolog Global Limited» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі ұйым бірлесе отырып, бірнеше бағытта жұмыс істеуге уағдаласты.

Құрылыс саласындағы қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейеді
01 шілде 2024 ж.

1 шілде күні Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Министр Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев пен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы және өзге мамандармен бірге қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жобалар мен іс-шараларды бірлесіп атқарудың жоспары түзіліп, бірқатар келісімдер жасалды.

Disney-дің туындылары «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетілді
12 маусым 2024 ж.

11 маусым күні Алматыда «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің көрсетілімі өтті. Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, дубляж актерлары мен блогерлер, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ және орыс тілдеріне аударды.

 

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия отырысында «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы таныстырылды
27 мамыр 2024 ж.

Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы Дүйсенова Тамара Босымбекқызы және министрлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысып, қазақ тілі төңірегіндегі мәселелер талқыланды. 

Қазақстандық актерлар мен блогерлер Disney/Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» фильмін дубляждады
24 мамыр 2024 ж.

Disney мен Pixar ұсынған «Ойжұмбақ 2» жаңа анимациялық фильмін қазақ тілінде дыбыстаған танымал актерлар мен блогерлерді таныстырамыз.

 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Жарқын болашақ» олимпиадасына қолдау көрсетті
22 мамыр 2024 ж.

Мамырдың 21-22 күндері Астанада қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Олимпиадағы жалпы 5000-нан аса оқушы қатысып, 2000-ға жуығы іріктеуден өтіп, оның 200-і ақтық сында бақ сынады.

«Қазақ тілі» қоғамы бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдайды
21 мамыр 2024 ж.

2024 жылы 17 мамыр күні Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен SANA FOUNDATION қоғамдық қоры арасында бірлескен меморандумға қол қойылды. Кездесуде кәсіпкерлік саласында қазақ тілінің мәртебесін арттырудың жолдары мен қолдану аясын кеңейту жобалары талқыланды.

Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі: Қазақ тілін Қазақстанға келгенге дейін онлайн режимде үйрендім
16 мамыр 2024 ж.

Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич (Kathy Leach) ханым Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына қонаққа келіп, қазақ тілінде сұхбат берді. 

DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
10 мамыр 2024 ж.

Сүйінші! Қазақстан кинотеатрларында DISNEY компаниясының үш бірдей туындысы: Disney және Pixar студияларының «ОЙЖҰМБАҚ 2» анимациялық фильмі, Disney компаниясының «МОАНА 2» шытырман оқиғасы мен «МУФАСА: АРЫСТАН ПАТША» көркем фильмі қазақ тілінде көрсетіледі.

Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті
03 мамыр 2024 ж.

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Форумды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ақмола облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

Қарағандыда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы өтті
16 сәуір 2024 ж.

16 сәуірде Қарағанды облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы өтті. Форумға Қарағанды облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, ЖОО профессор-оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, тіл жанашырлары, қоғам белсенділері мен журналистер, блогерлер, жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

«Қазақ тілі» қоғамы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі меморандумға қол қойды
26 наурыз 2024 ж.

Бүгін Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы мен ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» қоғамдық қоры Меморандумға қол қойды
19 наурыз 2024 ж.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Өте Дархан Ермаханұлы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы туралы ерекше атап өткім келеді
15 наурыз 2024 ж.

Ұлттық Құрылтайдың 3-отырысы Атырауда өтіп жатыр. Құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы туралы айтты.

Qazaq Tili Endowment Qory-на жиналған қаржы қалай басқарылады – Рауан Кенжеханұлымен сұхбат
12 наурыз 2024 ж.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрған Qazaq Tili Endowment Qory-на Президент бастап, өзгелер қостап, ақша аударып жатыр. Сол қаражаттың қайда кетіп жатқанын білу үшін, эндаумент қордың елдегі басқа қорлардан қаншалықты айырмасы бар екенін түсіну үшін «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен сұхбаттасқан едік.

Ұлыбританияда Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің таныстырылымы өтті
25 қаңтар 2024 ж.

25 қаңтарда Ұлыбританияның Оксфорд қаласында тұңғыш рет қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ тіліне аударылған Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің таныстырылымы өтті. Презентацияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мағжан Илиясов, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов пен Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы әрі Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, the Lord German Michael James German, Оксфорд университетінің профессоры Dr. Alexander Morrison, Оксфорд университеті Адам географиясы кафедрасының оқытушысы Dr. Ariel Ahearn, Oxford University Press тіл деректерін іске қосу менеджері Saskia Brueske, Оксфорд университетінің білім бөлімінің зерттеуші-докторанты Ольга Мун қатысты.

NU-да тұңғыш қазақ-ағылшын Oxford сөздігі таныстырылды 
19 желтоқсан 2023 ж.

19 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әзірлеген Тұнғыш Oxford Qazaq Dictionary Сөздігінің тұсаукесері Назарбаев Университетінде (NU) өтті. Шараға NU президентінің міндетін атқарушы Илесанми Адесида, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Иса Қазыбек, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қатысты. 

Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің таныстырылымы өтті
12 желтоқсан 2023 ж.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде тұңғыш рет қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ тіліне аударылған Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің таныстырылымы өтті. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қатысты.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланды
21 шілде 2023 ж.

21 шілдеде Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтті. Құрылтайға қоғамдық бірлестіктің төралқа және орталық кеңес мүшелері, Қазақстанның барлық аймағынан келген делегаттар мен елге танымал тіл жанашырлары, тілші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның алдағы жұмыс жоспары талқыланды.