Disney студиясы «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмін қазақ тілінде ұсынады

31 шілде 2025 ж.

Биылғы жылдың 27 қарашасынан бастап жарыққа шығатын Disney-дің «Аңдар шаһары 2» анимациялық шытырман оқиғалы туындысының ресми трейлерін ұсынамыз.

Қазақ тіліндегі трейлер сілтеме бойынша қолжетімді: трейлерді көру

(Видеоны онлайн-ресурсыңызға қою функциясы (embed) арқылы орналастыра аласыз)

Фильм кадрлары төмендегі сілтемеде: https://disk.yandex.ru/d/9o1SbQILEJRg3A 

Disney-дің «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінде ізкесуші Джуди Хоппс пенНик Уайлд жұмбақ жорғалаушының ізіне түседі. Қаладағы жаң аудандар, беймәлім кейіпкерлер, түрлі сынақтар мен қызықтар – бәрі алда. Шытырман оқиғаны бірге тамашалауға шақырамыз.

Фильм режиссерлері – «Оскар» жүлдесінің иегері Джаред Буш («Аңдар шаһары» фильмінің тең режиссері/сценарий авторы, «Энканто» фильмінің тең режиссері/сценарий авторы) және Байрон Ховард ( «Аңдар шаһары», «Энканто» фильмдерінің режиссері).