
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы – тіл жанашырларының басын біріктіруші ең үлкен алаң.
Қазақ тілі – ел бірлігінің, болмысының және болашағының негізі.
Біздің миссиямыз – оны ұлттық деңгейде дамытып, халықаралық деңгейде мойындату, жастарға заманауи, тартымды етіп ұсыну, ғылым мен технология тіліне айналдыру, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесін толыққанды іске асыруға ықпал ету.
18 маусым күні Алматыда Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 2025 жылдың 23 мамырында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.







