БАҚ біз туралы
21 қазанда АҚШ астанасы Вашингтондағы Америка сыртқы саясаты кеңесінің ғимаратында америкалық шығыстанушы Фредерик Старрдың «Өз заманының генийлері. Инбн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» атты еңбегінің қазақ тілді нұсқасы таныстырылды. Аталмыш кітап Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастасымен аударылып басылды. Таныстырылым Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен өтті.
АҚШ астанасы Вашиңтондағы Америка сыртқы саясаты кеңесінің ғимаратында америкалық шығыстанушы Фредерик Старрдың «Өз заманының генийлері. Ибн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» атты еңбегінің қазақ тілді нұсқасы таныстырылды. Аталған кітап Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастасымен аударылып басылды. Таныстырылым Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрған Qazaq Tili Endowment Qory-на Президент бастап, өзгелер қостап, ақша аударып жатыр. Сол қаражаттың қайда кетіп жатқанын білу үшін, эндаумент қордың елдегі басқа қорлардан қаншалықты айырмасы бар екенін түсіну үшін «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен сұхбаттасқан едік.
BI Group құрылыс холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады. Одан бөлек, қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Alageum Electric компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.
Белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына 100 миллион теңге аударады. Дулат Тастекейді көпшілік қазақ тілінің жанашыры ретінде таниды. Ол өзі басқаратын компанияда қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуін талап етіп, іс-қағаздарды қазақшалаған.
Kusto Group компаниясы басшылығы QAZAQ TILI Endowment Qory-на 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы хабарлады.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы QAZAQ TILI қорына бірінші болып 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударды. Бұл қор мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етеді. Қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Ондағы қаражат басқаруға беріліп, инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Астана қаласында өткен халықаралық «Қазақ тілі» құрылтайына қоғамдық бірлестіктің төралқа және орталық кеңес мүшелері, Қазақстанның барлық аймағынан келген делегаттар мен елге танымал тіл жанашырлары, тілші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның алдағы жұмыс жоспары талқыланды.