Alageum Electric КТ Qazaq Tili Endowment Қорына 100 млн теңге жарна аударды

28 желтоқсан 2023 ж.

Бұған дейін биылғы жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы болып аталған қорға жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды.

«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасынқолдаймыз. Ана тілі - қазақ қоғамының құндылықтарының айнасы. Alageum Electric әрқашан қазақ тілін және ұлттық мәдениетімізді сақтауға ерекше назар бөледі. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту шараларына үлес қосу - бұл біздің міндетіміз. Барлық тіл жанашырларын осы бастамаға үлес қосуға шақырамыз» , - деді Alageum Electric Компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдолла Қожабаев.

Толығырақ: TengriNews