Mass media about us
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрған Qazaq Tili Endowment Qory-на Президент бастап, өзгелер қостап, ақша аударып жатыр. Сол қаражаттың қайда кетіп жатқанын білу үшін, эндаумент қордың елдегі басқа қорлардан қаншалықты айырмасы бар екенін түсіну үшін «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен сұхбаттасқан едік.
BI Group құрылыс холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады. Одан бөлек, қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Alageum Electric компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.
Kusto Group компаниясы басшылығы QAZAQ TILI Endowment Qory-на 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы хабарлады.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы QAZAQ TILI қорына бірінші болып 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударды. Бұл қор мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етеді. Қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Ондағы қаражат басқаруға беріліп, инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Астана қаласында өткен халықаралық «Қазақ тілі» құрылтайына қоғамдық бірлестіктің төралқа және орталық кеңес мүшелері, Қазақстанның барлық аймағынан келген делегаттар мен елге танымал тіл жанашырлары, тілші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның алдағы жұмыс жоспары талқыланды.