Events
12 тамызда Mega Alma-Ata ойын-сауық орталығында орналасқан Chaplin Cinemas кинотеатрында Disney студиясының «Моана» фильмінің премьерасы өтті. Картина көрермендерді мұхиттағы ғажап әлемге, қызық оқиғалар мен полинезия мәдениетіне алып барады. Премьера қонақтарын фильм атмосферасынан шабыт алған қызыққа толы ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды. Кинотеатр фойесінде тематикалық фотоаймақтар қойылды, интерактив фотодүңгіршек пен үлкен LED-экран орналастырылды. Балаларға «Моана» әлемі мен Океания аралдарының дәстүрі бағытында тас бояудан арнайы шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Балалар қиялына ерік беріп, өз қолымен түрлі кәдесыйлар жасады.
Alageum Electric компаниялар тобы мемлекеттік тілді қолдау мақсатында Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге көлемінде жарна аударды. Компания 2024 жылы алғашқылардың бірі болып эндаумент қорына дәл осындай сомада қаражат бөлген болатын. Осылайша, Alageum Electric компаниясының мемлекеттік тілді дамытуға бағыттаған жалпы салымы 200 миллион теңгені құрады. Бұл қадам – мемлекеттік тілге деген құрметтің ғана емес, сонымен бірге Qazaq Tili Endowment қорының ашық әрі тиімді жұмысына, оның ұзақмерзімді даму моделіне деген сенімнің көрінісі.
Астанадағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңсесінде OpenAI компаниясы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға бағытталған бірлескен жобаның іске асу барысы мен алғашқы нәтижелері таныстырылды. Кездесуде қатысушылардың назарына көлемі 10 миллиардтан астам токеннен тұратын қазақ тілінің мәтіндік корпусы (Kazakh Text Corpus), 10 мың сағаттан асатын дыбыстық деректер қоры (Speech Corpus) және үлкен тіл модельдерін бағалауға арналған AI Evaluation Benchmark Suite жинағы ұсынылды.
On January 25th, the official presentation of the Kazakh-English and English-Kazakh Oxford Qazaq Dictionary took place at the Oxford University Press building in Oxford. The event was attended by notable individuals, including Sayasat Nurbek, the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan; Magzhan Ilyasov, the Extraordinary and Plenipotentiary Ambassador of the Republic of Kazakhstan to the United Kingdom and Northern Ireland; Timur Turlov, CEO at Freedom Holding Corp., accompanied by his wife, Rauan Kenzhehanuly, Founder & CEO at BMG, Chairman at International Society «Qazaq Tili», Saskia Brueske, Language Data Commissioning Manager, Oxford University Press and Michael James German, the Lord German, Dr. Alexander Morrison, Professor of Oxford University, Dr. Ariel Ahearn, Departmental Lecturer in Human Geography, University of Oxford, Olga Mun, Doctoral Researcher, Department of Education, University of Oxford.