Павлодарда алқа жиыны өтті
Бүгін Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен алқа жиыны өтті. Жиын облыстық филиалдың 35 жылдығына арналды. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, облыстық филиал белсенділері, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары қатысты.
Алқа жиынында солтүстік өңірлерде мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын кеңейту мәселелері талқыланды. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов жүргізді.
Облыстық филиалдың құрылу тарихын толықтай баяндап, естеліктерді жаңғыртқан фильм көрсетілді.
Тіл қамқоршыларының еңбегі ерекше атап өтіліп, оларға “Қазақ тілі” қоғамы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл комитетінің алғыс хаты табысталды.