Рауан Кенжеханұлы мен Анар Мұратқызы «Парасат» орденімен марапатталды
20 қаңтар 2026 ж.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы мен Қоғам вице-президенті, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызын мемлекеттік наградамен марапаттады.
Рауан Кенжеханұлы мен Анар Мұратқызына «Парасат» ордені Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене қатысып, қазақ тілінің дамуына қосқан зор үлесі үшін берілді.
Айта кетейік, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл саясатын дамыту және қоғамдық бастамаларды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.