Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Тіл-Қазына» орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

23 мамыр 2025 ж.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 2025 жылдың 23 мамырында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай бірлескен іс-шаралар жоспарын  бекітті.

Тіл үйретудегі әдістемелік жұмыстардың бірыңғай жүйесін жасау, тіл үйретуге арналған платформаларды дамыту, әдістемелік оқу құралдарының жаппай сатылымға шығуын ұйымдастыру, әлемдік және отандық көрем әдебиетті тіл үйрену деңгейлеріне сәйкес бейімдеу бойынша жобаларды бірлесіп атқару келісілді. Оған қоса жалпыұлттық Диктант жобасын бірлесе өткізу мақсаты қойылды.