Алматыда «Моана» фильмінің премьерасы өтті

12 тамыз 2026 ж.

12 тамызда Mega Alma-Ata ойын-сауық орталығында орналасқан Chaplin Cinemas кинотеатрында Disney студиясының «Моана» фильмінің премьерасы өтті. Картина көрермендерді мұхиттағы ғажап әлемге, қызық оқиғалар мен полинезия мәдениетіне алып барады. Премьера қонақтарын фильм атмосферасынан шабыт алған қызыққа толы ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды. Кинотеатр фойесінде тематикалық фотоаймақтар қойылды, интерактив фотодүңгіршек пен үлкен LED-экран орналастырылды. Балаларға «Моана» әлемі мен Океания аралдарының дәстүрі бағытында тас бояудан арнайы шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Балалар қиялына ерік беріп, өз қолымен түрлі кәдесыйлар жасады.

Премьераға шоу-бизнес, киноиндустрия мен медиа саласының танымал өкілдері қатысты. Олардың арасында Әсел Сағатова, Назим Мисанов, Айтбек Амангелді, Ұлан Үсенов, Даниеэль Қадырбаева, Әсия Тұяқбай және Ақерке Бүркітбай бар. Сонымен қатар БАҚ өкілдері, блогерлер, Disney серіктестері келді.

Фильмге түпнұсқа саундтрек болған «Along the Way» әнін орындаған Назима, Индира Еділбаева және Jaman T сияқты әртістердің көпшілік алдына шығуы премьера әсерін арттыра түсті.

Көрсетілімнің бас демеушісі — киноафишаны және билет сатуды біріктірген жетекші онлайн-платформалардың бірі Kino.kz. Kino.kz қолдауының арқасында іс-шара шынымен естен кетпестей болып өтті.

Ақпараттық серіктестер: Qazaq Tili Qogamy, STEPPE, Европа Плюс Қазақстан, CMN.kz, WE Project, Sxodim, Qazaq Bubble және Qangybas.

Көрсетілім серіктестері: Pandora және Marwin, олар қонақтарға керемет тосынсый әзірледі: брендтер ұсынған сыйлықтар залдағы орындықтар астына қойылды. Qulpynai да қонақтарға тәтті дәм түрлерін ұсынып, кішігірім фуршет ұйымдастырды.

«Моананың» қазақша дубляжына айрықша көңіл бөлінді. Фильм үлкен прокатқа қазақ және орыс тілдерінде шығады.

Қазақша дубляжға қатысқандар:

  • Құралай Өтепова — Моана, диалогтар

  • Дильнура Біржанова — Моана, вокал;

  • Бауыржан Қаңтарбаев — Мауи, вокал мен диалогтар;

  • Айжан Нұрмағамбетова — Тала әже, вокал;

  • Жазира Асанова — Тала әже, диалогтар;

  • Таир Сахиев (Jaman T) — Мауи (Дуэйн Джонсон), вокал;

  • Назима — Моана (Кэтрин Лага’айя), вокал;

  • INDI — Моана (Аулии Кравальо), вокал.

Фильм туралы:

Моана мұхиттың үніне құлақ асады. Өмірінде алғаш рет ол өзі тұратын Мотунуи аралының рифінен әрі асып, атақты жарты құдай Мауимен бірге саяхатқа аттанады. Естен кетпес бұл сапар оның халқына бақ-береке әкелуі тиіс.

Фильм режиссері — Томас Каил, продюсері — Бо Флинн, сценарий авторы — Джаред Буш.

Басты рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Кэтрин Лага’айя, Фрэнки Адамс, Рина Оуэн және Джон Туи.

Ресми дубляждалған трейлер мына сілтемеде:
ҚАЗ: https://www.youtube.com/watch?v=hKi5F02KdvI