Алматыда Sony Pictures ұсынған «Өрмекші-Адам: Жаңа күн» фильмінің премьерасы өтті
2026 жылғы 5 тамызда Алматыдағы MEGA сауда ойын-сауық орталығында орналасқан Chaplin Cinemas кинотеатрында Sony Pictures ұсынған «Өрмекші-Адам: Жаңа күн» фильмінің премьерасы өтті.
Іс-шараға БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер, жоба серіктестері мен Өрмекші-Адам жанкүйерлері жиналып, «Өрмекші-Адам: Үйге жол жоқ» фильміндегі оқиғалардан кейінгі Питер Паркердің жаңа хикаясын алғашқылардың бірі болып тамашалады.
Көрсетілім алдында қонақтар үшін Өрмекші-Адам стиліндегі фотозоналар мен серіктестердің брендтелген алаңдары ұйымдастырылды. Сондай-ақ қонақтарға естелік сыйлықтар – постерлер мен пиндер табысталды.
Кеш қызыл кілемнен басталды. Оның қонақтары қатарында Нұрлан Қоянбаев, Нұрлан Сабуров, Айсұлтан Сейітов, Қуаныш Бейсек, M’Dee, Шерхан Қалмұрза, басқа да медиа өкілдері мен инфлюенсерлер, сондай-ақ фильмнің қазақ және орыс тілдеріндегі дубляж актерлері болды. Жанкүйерлер сүйікті кейіпкерлерін дыбыстаған актерлермен жүздесіп, әңгімелесіп, фильмді жергілікті тілдерге бейімдеу жұмысы туралы толығырақ білуге мүмкіндік алды.
Қазақ дубляжының актерлері
- Заңғар Әбенов — Питер Паркер (Өрмекші-Адам)
- Айнұр Ілиясова — Елена / Қара Жесір
- Фариза Ескермес — Эм-Джей
- Айдана Меденова — Иви
- Әбілқайыр Мәдеш (A.Boo) — эпизодтық рөлдер
- Шах-Мұрат Ордабаев — Брюс Бэннер (Халк)
Орыс дубляжының актерлері
- Егор Жуковец — Питер Паркер (Өрмекші-Адам)
- Гүлнара Сильбаева — Иви
- Мадияр Нұрманбетов — эпизодтық рөлдер
Актерлермен түсірілген бэкстейдж бейнероликтер
Қазақ дубляжы – https://youtu.be/6Jk_Jvwk0PI?si=SBFVTjxYVhQ8dH9C
Орыс дубляжы – https://youtu.be/AjfOYN1Z6BM?si=4Mmgp0cjPLh3XYmf
Фильм туралы
Питер Паркер үшін мүлде жаңа кезең басталады. Енді ол өзін ешкім танымайтын әлемде Өрмекші-Адам ретінде қылмыспен күресуге бар күшін салады. Достары оны танымай, өз өмірлерін жалғастырып жатқанда, Питер оның тағдырын біржола өзгертуі мүмкін жаңа жағдайларға бейімделуге мәжбүр болады.
Алайда дәл осы өзгерістер қала мен Питерге қымбат жандарға қауіп төндірген жаңа қатерді тоқтатудың жалғыз мүмкіндігіне айналуы ықтимал. Оның алдында ешкім көре алмайтын аса қауіпті әрі қуатты жау тұр. Әлем Питер Паркерді ұмытты. Бірақ Питер өзі жақсы көретін адамдарды ұмытқан жоқ.
Режиссері — Дестин Дэниел Креттон. Сценарий авторлары — Крис МакКенна мен Эрик Соммерс. Фильм Стэн Ли мен Стив Дитко жасаған Marvel комикстерінің желісі бойынша түсірілген.
Продюсерлері — Кевин Файги (p.g.a.), Эми Паскаль (p.g.a.), Ави Арад және Рэйчел О'Коннор (p.g.a.). Атқарушы продюсерлері — Луис Д'Эспозито және Дэвид Кейн.