Құрылыс саласындағы қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейеді
01 шілде 2024 ж.
Кездесуде құрылыс саласында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін арттырудың жолдары мен әдістері талқыланды.
Атап айтқанда, Министрлік пен Қоғам екіжақты байланысты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды атқарады. Негізгі мақсат – құрылыс саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейту. Бұл жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады әрі жүйелі жүргізу жоспарланып отыр. Ол үшін, ең алдымен, құрылыс саласындағы қазақ тіліндегі құжаттарға зерттеу жасалады.
Бұдан кейін, салалық құжаттар, түрлі ұғымдар мен терминдерді қазақшалау жұмысы басталады. Осындай жан-жақты дайындық негізінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге нақты қадамдар жасалады.