QAZAQ TILI ENDOWMENT QORY
703 669 299 теңге
«Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы»

Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы – тіл жанашырларының басын біріктіруші ең үлкен алаң.

Қазақ тілі – ел бірлігінің, болмысының және болашағының негізі.

Біздің миссиямыз – оны ұлттық деңгейде дамытып, халықаралық деңгейде мойындату, жастарға заманауи, тартымды етіп ұсыну, ғылым мен технология тіліне айналдыру, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесін толыққанды іске асыруға ықпал ету.

Соңғы жаңалықтар
Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы OpenAI-мен бірге ChatGPT-дің қазақша нұсқасын дамытуға келісті
07 қараша 2025 ж.

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Вашингтонда Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы мен OpenAI, Inc. компаниясы ChatGPT-дің қазақ тіліндегі қызмет сапасын арттыру және оны терең дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті. OpenAI компаниясының білім беру және мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі жетекшісі Кевин Миллс пен Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазақ тілінде жасанды интеллектінің дәл және сапалы жұмыс істеу әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы
«Жаңа сөз» жобасын бастайды
06 қазан 2025 ж.

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін «Жаңа сөз» жобасын іске қосты. Жоба туралы келісімге «Темірқазық» қорының төрағасы Әлихан Байменов пен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қол қойды.

Серіктестер
Жобаға қатысу
Қазақ тілін дамытуға идея ұсыну
Жобаға қатысу
Ұсыныс беру
Жаңалықтарға жазылыңыз