QAZAQ TILI ENDOWMENT QORY
824 000 000 теңге
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы – тіл жанашырларының басын біріктіруші ең үлкен алаң.

Қазақ тілі – ел бірлігінің, болмысының және болашағының негізі.

Біздің миссиямыз – оны ұлттық деңгейде дамытып, халықаралық деңгейде мойындату, жастарға заманауи, тартымды етіп ұсыну, ғылым мен технология тіліне айналдыру, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесін толыққанды іске асыруға ықпал ету.

Соңғы жаңалықтар
Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды
03 шілде 2026 ж.

Alageum Electric компаниялар тобы мемлекеттік тілді қолдау мақсатында Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге көлемінде жарна аударды. Компания 2024 жылы алғашқылардың бірі болып эндаумент қорына дәл осындай сомада қаражат бөлген болатын. Осылайша, Alageum Electric компаниясының мемлекеттік тілді дамытуға бағыттаған жалпы салымы 200 миллион теңгені құрады. Бұл қадам – мемлекеттік тілге деген құрметтің ғана емес, сонымен бірге Qazaq Tili Endowment қорының ашық әрі тиімді жұмысына, оның ұзақмерзімді даму моделіне деген сенімнің көрінісі.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
01 шілде 2026 ж.

Астанадағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңсесінде OpenAI компаниясы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға бағытталған бірлескен жобаның іске асу барысы мен алғашқы нәтижелері таныстырылды. Кездесуде қатысушылардың назарына көлемі 10 миллиардтан астам токеннен тұратын қазақ тілінің мәтіндік корпусы (Kazakh Text Corpus), 10 мың сағаттан асатын дыбыстық деректер қоры (Speech Corpus) және үлкен тіл модельдерін бағалауға арналған AI Evaluation Benchmark Suite жинағы ұсынылды.

Серіктестер
Жобаға қатысу
Қазақ тілін дамытуға идея ұсыну
Жобаға қатысу
Ұсыныс беру
Жаңалықтарға жазылыңыз