Kusto Group қазақ тілін қолдау қорына 100 миллион теңге аударады
«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің, атап айтқанда «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Біртұтас ұлтты біріктіруге және қалыптастыруға ықпал ететін басты фактор ретінде қазақ тілінің дамуына лайықты үлес қосу біз, ел азаматтары үшін үлкен мәртебе. Біз бизнес қауымдастықты осы асыл бастаманы қолдауға шақырамыз», - деді Kusto Group директорлар кеңесініңтөрағасы Еркін Тәтішев. Оның сөзін Директорлар кеңесінің мүшелері Дәулет Нұржанов, Қанат Көпбаев, Мұрат Өтемісов, Талғат Тұрымбаев және Оразхан Қарсыбековтер де қолдады.
Қазақ тілін қолдау эндаумент-қоры мемлекеттік тілді қолдаумен және дамытумен айналысатын еліміздің ірі ұйымы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастамасымен құрылды.
Эндаумент қорының ерекшелігі - қорға аударылатын қаражаттың өзі жұмсалмайды. Олар басқарылады және инвестицияланады. Эндаумент-қордың инвестициялық қызметінен түскен табыс бенефициар-ұйымның жарғылық міндеттеріне бағытталады. Эндаумент-қордың қаражатын беделді қоғам қайраткерлері, лингвист-ғалымдар мен мемлекет өкілдері қатарынан тәуелсіз қамқоршылық кеңес бақылайтын болады.
Эндаумент-қордың кірістері «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге, жаңғыртуға және одан әрідамытуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін гранттар түрінде бағытталатын болады.
Kusto Group Pte. Ltd. (www.kustogroup.com) - Сингапурда тіркелген инвестициялық-өнеркәсіптік холдинг. Бүгінгі таңда Kusto Group 4 құрлықтағы 9 елде мұнай-газ, тау-кен, құрылыс, даму саласында, құрылыс материалдарынөндіруде және ауыл шаруашылығында табысты жұмыс істейді.
Толығырақ: orda.kz