Allur компаниясы «Қазақ тілі» қоғамының эндаумент қорына 100 млн теңге бөлді
17 February 2026
Қазақстандық Allur автокөлік компаниясы Qazaq Tili Endowment қорына 100 млн теңге аударды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен үндес, қазақ тілін дамытуға қосылған нақты үлес.
Қазір Qazaq Tili Endowment қорындағы қаржы 703 669 299 теңгеге жетті. Осы қаражат есебінен соңғы жылдары 100-ге жуық жоба мен іс-шара жүзеге асырылды.
Allur – 22 жылдан бері еліміздегі автокөлік өнеркәсібін дамытып келе жатқан жетекші отандық компания. Қазақстандық автонеркәсіптің жүйелі дамуына серпін беріп, ел экономикасының маңызды саласын алға жылжытып келеді.
Ана тіліміздің болашағына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткені үшін Allur компаниясының басшылығы мен ұжымына шынайы алғыс білдіреміз!
Бастамаларыңыз сәтті, істеріңіз берекелі болсын!