Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының төрағасы ауысты
23 January 2025
Болат Тілепов Анапияұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы, ректоры. Мемлекеттік қызметте, білім беру саласында мол тәжірибе жинаған ұйымдастырушы әрі ғалым.
Аталған жиында ұзақ жылдардан бері «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалын басқарған Шалабаев Құсман Кәрімұлына ана тілімізді дамыту жолындағы еңбегіне алғыс айтып, филиал жұмысына қорытынды жасалды. Шараға аудандардағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағалары, қоғам қайраткерлері мен қалалық әкімдік қызметкерлері және мәдениет, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Сонымен қатар, тіл жанашырларының басқосуында «Қазақ тілі» қоғамының қызметі мен болашақта атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.