«Қазақ тілі» қоғамы мен «Documentolog Global Limited» компаниясы меморандумға қол қойды
Бүгін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Documentolog Global Limited» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Екі ұйым бірлесе отырып, бірнеше бағытта жұмыс істеуге уағдаласты.
Алғашқы бағыт – Documentolog.kz платформасында онлайн сөздік жүйесін жасау. Техникалық жұмыстарын «Documentolog Global Limited» компаниясы, мазмұнын «Қазақ тілі» қоғамы дайындайды.
Екінші үлкен бағыт – қазақ тілін үйренушілерге арналған курстар кешенін әзірлеу. Курстар бірнеше деңгейді қамтып, Documentolog.kz сайтына жүктеледі. Сонымен бірге, мобильді қолданба жасау да жоспарда бар.
Бұдан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру, тілді цифрландыру салаларында да ортақ жобаларды іске асыру туралы келісім жасалды.