«Қазақ тілі» қоғамы бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдайды
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы мен SANA FOUNDATION қоғамдық қорының құрылтайшысы, қазақша MBA мен SANA жобаларының авторы Мақсат Халық мырза Меморандум аясындағы міндеттер мен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы пікірлесті.
Іскерлік этика мен кәсіпкерлік кодты қалыптастыруды мақсат еткен келісім бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен форумдар өткізуге, бизнес әдебиет пен материалдарды көбейтуге, қазақ тілінде сапалы медиа және онлайн контентті дамытуға жалғаспақ.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік жауапкершілік негізінде зияткерлікті қалыптастыру мен ағартушылықты трендке айналдыру мақсатында әлеуметтік жобалар легі жоспарланды.
SANA FOUNDATION – тұңғыш қазақ тіліндегі экономикалық-бизнес форумын ұйымдастырған, кәсіпкерлік ағартушылықпен айналыса отырып, зияткерлік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын қоғамдық қор.