«Қазақ тілі» қоғамы Абай мұрасын шахмат арқылы ұлықтады

10 August 2026

9 тамыз күні Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «ABAI BLITZ» халықаралық шахмат турнирі өтті.

Турнирге Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінен 100 шахматшы қатысып, халықаралық деңгейдегі тартысты бәсеке көрсетті. Олардың қатарында 3 гроссмейстер және 9 халықаралық мастер болды. 

Абайдың шығармашылық мұрасын ұлықтау – баршамызға ортақ міндет. Абайдың әр сөзі, өлеңі, ойы бізді білімге, еңбекке, ізденіске, адамгершілікке және үнемі алға ұмтылуға үндейді.

Турнир қатысушыларына Абай Құнанбайұлының қара сөздері табысталды. Сонымен қатар, турнир атмосферасы Абай шығармашылығымен үндесіп, ақынның өлеңдері оқылды. Әндері шырқалып, күйлері орындалды. 

Абайдың рухани мұрасы мен шахматтың терең ойлау өнері тоғысқан бұл шара қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады.