Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі: Қазақ тілін Қазақстанға келгенге дейін онлайн режимде үйрендім

16 мая 2024 г.

Сұхбатта Елші қазақ тілін қашан және қалай үйренгені жайлы айтты.

«Қазақстанға келгенге дейін ковид кезінде онлайн режимде үш сағаттық сабақты күн сайын алдым. Бірнеше ай бойы жақсы-жақсы негіз берді. Бірақ, әрине, еркін сөйлеу үшін, тіл меңгеру үшін қазақ тілінің ортасында үнемі естіп, үнемі сөйлеп отыру керек. Қазір бір, екі, үш ай ауылда өткізуге тиіспін деп ойлаймын. Аптасына әлі бір-екі рет сабақтарым бар. Қазақша сөйлеуім ақырындап-ақырындап жақсарып жатыр деп ойлаймын»

Сонымен қатар, Кэти Лич ханым қазақ тілінің ерекшеліктері, құрылымдық өзгешеліктері, Абай мен Шекспир үндестігі, ағылшын тілінің проблемалары туралы ой-пікірін бөлісті. 

«Сөздердің орын тәртібі әртүрлі. Мен үшін ең қиыны – осы... Тәуелдік жалғау – ең қиыны.  Мысалы, айтқаныңызды түсіндім. Ағылшын тілінде сөйлейтін адам үшін қиын. Сосын үш түрлі өткен шақ. Мысалы Ұлыбританияға барып келдім. Немесе сатып алдым. Ұмытып қалдым. Әртүрлі мағына бар. Дыбыстар, ағылшын тілінде жоқ дыбыстар қазақ тілінде бар. Ғ, Қ... Сөйлеу қиын. Ұқсастық туралы, қазақ пен ағылшын тілдерінде өткен келер шақ көп. Мысалы, қазақ тілінде, келген, келді, келіп жатқан, келетін, келетін еді, сосын, келер, келмек, келетін шығар, жалпы нюанстар көп»

Сұхбатты Қоғамның Youtube-тағы ресми каналынан көруге болады: