Қазақ орта мектебіне Әбдуәли Қайдаровтың есімі берілді
01 сентября 2024 г.
Сондай маңызды шарасының бірі бүгін ғалымның туған ауылында ұйымдастырылып отыр. Мектеп құрылысына кәсіпкерлер демеушілік жасап, ауыл балаларына жаңа оқу жылында жаңа ғимаратта білім алу мүмкіндігін сыйлаған екен. «Қазақ тілі» қоғамы сыйлықтарын алып, салтанатты шараға қатысып қайтты.
Әбдуәли Қайдаров – ұзақ жылдар тіл ғылымына еңбек еткен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылған алғашқы жылдарында басшылық етіп, ана тіліміздің жоғын жоқтайтын нағыз ұйымға айналуына, Қоғам жұмысының жандануына үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері. Тілдер проблемасына арнап 400-ге жуық ғылыми еңбек жариялаған. Оның тіл майданындағы жанкештігі мен еңбек жолы, елдік, тілдік мұратқа деген адалдығы көпке үлгі.