Қазақстандық актерлар мен блогерлер Disney/Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» фильмін дубляждады

24 мая 2024 г.

Басты кейіпкерлерге қазақ тілінде өз дауыстарын сыйлағандар:

Райли «Көреміз» атты қазақ телешоуының қатысушысы, блогер Ақерке Естайқызының дауысымен сөйлейді, Қуанышты қазақстандық әнші әрі актриса Гульнар Тлебалды дыбыстайды, Мұңды кино, театр және дубляж актрисасы Алма Қылмұқан, Қорқынышты — кино мен театр актері, театр режиссері Рүстем Жаныаманов дыбыстайды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі дубляжға Жұлдыз Төлепберген қатысады, ол Райли мүшесі болғысы келетін команда капитаны, жоғары сыныпта оқитын Вэл есімді мықты қызды дыбыстайды, қазақстандық Ninety One бой-бэндының солистері – Азамат Ашмақын (лақап аты ACE) —  Сәкөшті (Бананчик) және Батырхан Маликов (лақап аты ALEM) —  Ұятты (Стыд) дыбыстайды.   

Дубляж жайлы қосымша ақпарат:

Дубляж режиссері — Шах-Мұрат Ордабаев

Аударма авторы —  Әсел Мамырова

Синхронды мәтіннің авторы

Музыка жетекшісі — Гүлжан Сауртаева

Қазақ дубляжы актерлерінің — Азамат Ашмақын, Батырхан Маликов,  Жұлдыз Төлепберген, сондай-ақ қазақ дубляжының режиссері: Шах-Мұрат Ордабаевтың суреттерін жоғары сапада төмендегі сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: https://disk.yandex.ru/d/HR3wpWqbgRn8kw 

 

Фильм жайлы:

Disney мен Pixar-дың «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі көрерменді қайтадан Райли есімді қыздың санасына апарады. Қазір ол жасөспірім қызға айналған. Дәл осы сәтте Бас бөлімінде кенеттен күрделі жөндеу жұмыстары басталады, жаңа эмоцияларға орын беру керек!

Эмоцияларды бұрыннан сәтті басқарып келе жатқан Қуаныш, Мұң, Ашу, Қорқыныш пен Жиіркеніш Үрей келгенде не істерін білмей, абдырап қалады Оның үстіне, ол жалғыз емес сияқты...

Режиссер Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривера түсірген бірінші «Ойжұмбақ» (2015) үздік толықметражды анимациялық фильмі «Оскар»® мен «Алтын глобус»®  жүлделерін алды. 

Эмоцияларға толы шытырман оқиға «Ойжұмбақ 2»/«Головоломка 2» 2024 жылдың 13 маусымынан бастап кинотеатрларда қазақ және орыс тілдерінде шығады!