«Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» қоғамдық қоры Меморандумға қол қойды
19 мартa 2024 г.
Кездесуде тіл сауаттылығын арттыру бағытталған оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуден бастап, балабақшаларда тілді дамытуға қажет іс-шаралар мен қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинарлар мен форумдар ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп өткізу туралы пікірлесті. Бірлесе атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.
«Жарқын болашақ»және қазақ тілін дамыту мақсатында өткізілетін олимпиаданың құрылымы мен мазмұны туралы айтылды.